Пайдаланушылық келісім

Біздің шарттарымыз

Осы Пайдаланушылық келісім (бұдан әрі – Келісім) сіздің (бұдан әрі – Пайдаланушы) Crezu.kz веб-сайтын (бұдан әрі – Сайт) пайдалануыңызға болатын барлық шарттардан құралған. Сайтты пайдалану оған кіру, қарау немесе Сайтты пайдалануға қажетті Сайтта тіркелуге арналған дербес деректерді ұсыну мүмкіндігінен тұрады, бірақ онымен шектелмейді.

Біз Сайтты пайдалану алдында сіздің Сайтты пайдалануыңызға тікелей қолданылатын осы Келісімді мұқият оқып шығуыңызды өтінеміз. Одан әрі пайдалану үшін осы Келісімнің көшірмесін жүктеуге немесе басып шығаруға рұқсат етіледі. Сіз осы Келісімнің мазмұнымен және сіздің Сайтты пайдалануыңызға әсер етуі мүмкін болатын оның шарттарымен танысқаныңызға кепілдік бересіз.

Сайтты пайдалана отырып, сіз осы Келісімнің шарттарын қабылдайтыныңызды және оларды сақтауға келісетініңізді растайсыз. Егер сіз Келісіммен келіспесеңіз, біз сізден тез арада Сайттан шығып кетуіңізді және біз ұсынған қызметтерді пайдаланудан бас тартуыңызды өтінеміз. 

Өтінеміз, біздің Сайт арқылы алынған дербес деректерді қалай пайдаланатынымыз туралы ақпарат алу үшін, біздің құпиялылық саясатымызбен танысып шығыңыз. Сондай-ақ Сізге cookie файлдарын пайдалану туралы барынша толық ақпарат алу үшін, біздің cookie файлдарын пайдалану саясатымызда келтірілген cookie файлдары туралы өтінішімізбен танысып шығу керек. Көрсетілген Құпиялылық саясаты және Сookie файлдары туралы өтініш осы Келісімге енгізілген. 

Біздің компания

Осы Crezu.kz сервисі Қазақстан Республикасында тіркелген «Crezu» (Крезу) ЖШС компаниясына тиесілі (бизнес сәйкестендіру номерлерінің ұлттық тізіліміндегі тіркеу номері: БСН 191140013143, 13.11.2019 ж.), заңды мекенжайы: Қазақстан, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Мақатаев көшесі, 127Б, индекс 050000.

Көрсетілетін қызметтер

Crezu.kz сервисі «Crezu» (Крезу) ЖШС компаниясына тиесілі және оны «Crezu» (Крезу) ЖШС компаниясы басқарады.

Біз кредиттік ұйым немесе қаржылық қызметтерді жеткізуші емеспіз. Сондықтан біз ешқашан Пайдаланушыларды тікелей қаржыландыруды жүзеге асырмаймыз. Біз кредиттерді онлайн іріктеу қызметтерін ғана ұсынамыз. Біз сізге кредиттік ұйымдар немесе қаржылық қызметтерді жеткізушілер туралы ақпаратты хабарлаймыз. Сайт арқылы өтінім жолдай отырып, сіз «Crezu» (Крезу) ЖШС компаниясы сіздің өтініміңізге сәйкес кредиттік ұйымдардың немесе қаржылық қызметтерді жеткізушілердің бірін таңдап алуы үшін келісім бересіз. Шынайы уақыт режимінде біз сіздің өтініміңізді кредиттеу критерийлеріне қарай кредиттік ұйымдардың немесе қаржылық қызметтерді жеткізушілердің бірі сөздің өтініміңізді қабылдағанша немесе барлық кредиттік ұйымдар немесе қаржылық қызметтерді жеткізушілер сіздің өтініміңізді қабылдаудан бас тартқанша, бір немесе бірнеше кредиттік ұйымдарға немесе қаржылық қызметтерді жеткізушілерге ұсынамыз. Егер кредиттік ұйым немесе қаржылық қызметтерді жеткізуші сіздің өтініміңізді қабыл алса, сіз осы кредиттік ұйымның немесе қаржылық қызметтерді жеткізушінің сайтының тиісті бетіне қайта жолданасыз. (Егер кредиттік ұйым немесе қаржылық қызметтерді жеткізуші Интернет желісінде ұсынылмаған болса, онда біз сізге көрсетілген ұйымдардың байланыс деректері туралы ақпарат ұсынамыз).

Кредиттік ұйымдар немесе қаржылық қызметтерді жеткізушілер өздеріне Пайдаланушыларды бағыттағаны үшін ақшалай қаражат немесе комиссия төлеуі мүмкін.

Сіз тиісті кредиттік ұйымдардан немесе қаржылық қызметтерді жеткізушілерден кредит алуға міндетті емессіз. Біз жасалған шешімнің дұрыстығы туралы негізді шешім қабылдау үшін, әрбір кредиттік ұйымның немесе қаржылық қызметтерді жеткізушінің кредит ұсыну шарттарын мұқият оқып шығуды ұсынамыз. Егер сізде әлдебір күмән пайда болса, олардан кредит алу алдында кредиттік ұйыммен немесе қаржылық қызметтерді жеткізушімен хабарласуды ұсынамыз. 

Ықтимал кредит сомалары, кредитті өтеу мерзімдері немесе кредиттік ұйымдардың немесе қаржылық қызметтерді жеткізушілердің интернет-сайттарындағы пайыздық мөлшерлемелер туралы бүкіл ақпарат өнім шарттарын көрсету үшін үлгілік болып табылады, мұның өзі кредит немесе басқа қызмет сізге осыған ұқсас жағдайларда берілетіндігіне кепілдік болып табылмайды. Сондықтан жоғарыда аталған ақпарат көрсетілген шарттар негізінде қызмет ұсынуға кепілдік болып табылмайды және осындай кепілдік ретінде пайдаланылмайды. 

Біздің тікелей сізге әлдебір кредитті немесе қаржылық қызметтерді ұсынбауымызға байланысты кредиттік ұйымдардың немесе қаржылық қызметтерді жеткізушілердің сайттарындағы кредиттер бойынша шарттардың әлдебір тиісті өкілеттілік мысалдары толық сіздің бақылауыңыздан тыс болады. Сонымен қатар кез келген кредитті ұсыну туралы шешім кредиттік ұйымға немесе қаржылық қызметтерді жеткізушіге байланысты; біз кредит ұсынуды мақұлдау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдауды ешбір бақылай алмаймыз немесе шешім қабылдауға ықпал ету мүмкіндігіне ие емеспіз. 

Кредиттік ұйым немесе қаржылық қызметтерді жеткізуші әлдебір шешім қабылдаудан немесе сізге ұсыныс беруден бұрын, сізге қатысты алдын ала бағалау жүргізетін болады. Осы тексеру қазіргі кездегі немесе өткен уақыттағы сіздің кредиттік тарихыңызды бағалаудан құралуы мүмкін. 

Сайтқа қолжетімділік

  • Біз Сайтқа уақытша негізде кіруге рұқсат етеміз. Біз әлдебір алдын ала ескертусіз Сайт арқылы қызметті өзгерту, бас тарту немесе тоқтатып тұру құқығын өзімізге қалдырамыз. Біз егер Сайт кез келген уақытта, кез келген кезең ішінде немесе кез келген себеп бойынша қолжетімсіз болса, оған жауап бермейміз. 
  • Біз мерзім сайын тіркелген пайдаланушылардың Сайттың жекелеген бөлімдеріне немесе бүкіл Сайтқа кіруін шектеу құқығына иеміз.

Ақпараттың дәлдігі

  • «Crezu» (Крезу) ЖШС Сайтта орналасқан ақпарат дәйекті, толық, дәме-дәл және бәрін қамтиды деп кепідік бермейді. Компания Сайтта орналасқан ақпараттың дәлдігі мен толықтығына, кез келген адамның көрсетілген ақпаратқа сенімін қалыптастыруға жауап бермейді. 
  • Біз тұрақты жаңартып отыруға ниеттіміз. Біз оның мазмұнын толықтыра аламыз, өзгерте аламыз немесе алып тастай аламыз. Қажет болған жағдайда, біз Сайтқа кіруді тоқтата аламыз немесе белгілі бір мерзімге оның күшін жоя аламыз.
  • Біз Сайтқа өзгерістер енгізу, сондай-ақ кез келген уақытта осы Келісімнің шарттарын өзгерту құқығын өзімізге қалдырамыз. Сіз осы Келісіммен тұрақты танысып отыруға жауаптысыз. Келісімге өзгерістер енгізілген соң Сайтты пайдалану осындай өзгерістермен сіздің келіскеніңізді білдіреді. 

Сыртқы сілтемелер

Басқа сайттарға немесе ресурстарға арналған кез келген сілтемелер ақпараттық мақсатта ғана жасалған. Біз көрсетілген сайттар мен ресурстардың мазмұнын бақыламаймыз. Біз олар үшін немесе осы сілтемелер арқылы өтуден болған кез келген залал немесе зиян үшін жауап бермейміз.

Рұқсат етілетін пайдалану

Сізге біздің Iframe нысанын және Сайтты тек заңды мақсаттарда ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Сізге біздің Сайтты/нысанды келесі жағдайларда пайдалануға рұқсат етілмейді:

  • Кез келген жергілікті, ұлттық немесе халықаралық заңдарды немесе ережелерді бұзатын кез келген тәсілді пайдалануға.
  • Алаяқтық немесе заңсыз болып табылатын немесе әлдебір алаяқтық немесе заңсыз салдарларға ие кез келген тәсілде.
  • Нысан арқылы беру немесе кез келген жала жабу, балағаттау немесе әдепсіз материалдарды жүктеу.
  • Нысан арқылы беру немесе кез келген компьютерлік вирустарды, зиянкес бағдарламаларды немесе араласуға, үзіп тастауға немесе компьютердің қалыпты жұмысын бұзуға арналған басқа объектілерді жүктеу.

Жауапкершілік

  • Заң қаншалықты рұқсат етсе, соншалықты дәрежеде біз барлық айқын немесе айқын емес кепілдіктерді, өтінімдерді, шарттарды немесе осы Сайтқа немесе оның кез келген мазмұнына қолданылуы мүмкін басқа ережелерді қолданбаймыз.
  • Біз әлдебір кредиттік ұйым немесе қаржылық қызметтерді жеткізуші әрбір кредиттік өтінімді қанағаттандырады деп кепілдік бере алмаймыз және кепілдік бермейміз. Осы шешім түрлі факторлардың, оның ішінде жүйелердің жұмысының істен шығуы, біз болжай алмаған немесе біздің бақылауымызға көнбейтін мәселелер немесе кредиттік ұйымның немесе қаржылық қызметтерді жеткізушінің тарапынан болған мәселелер, сондай-ақ дұрыс ұсынылмаған ақпарат әрекеттің тікелей немесе жанама шешімі бола алады.
  • Біздің тарапымыздан абайсыздық болмаған жағдайда осы Келісім немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында талап етілетін басқа міндеттемелер бұзылғанда, біз сіз ұшырайтын кез келген шығын үшін жауап бермейміз. Егер сіз Сайтты пайдалану кезінде саналы сақтық сақтамайтын болсаңыз, осы Келісімді бұзатын болсаңыз, сондай-ақ біз Сайтты пайдалану кезінде сіздің тарапыңыздан алаяқтық жасалғаны туралы ақпарат алған жағдайымызда, біз кредиттік ұйыммен немесе қаржылық қызметтерді жеткізушімен бірге сізден ақшалай қаражат өндірумен байланысты бідің ұшырауымыз мүмкін кез келген саналы шығыстары өндіру құқығын өзімізде қалдырып, сізге Сайтқа кіруге тыйым саламыз.

Зияткерлік құқықтар

  • Кез келген мазмұндағы зияткерлік меншік объектілеріне (деректер базасына, ноу-хауға, өнертабысқа арналған кез келген құқықтарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей) тіркеуге өтінім беруге арналған барлық құқықтарды қоса алғанда, мейлі, тіркелген болсын, мейлі, тіркелмеген болсын, барлық жағдайларда)) дизайнға арналған және зияткерлік немесе өнеркәсіптік меншікке арналған барлық басқа құқықтар))), жазбаша ақпаратқа, маериалдарға, процестерге немсе деректерге арналған барлық құқықтар «Crezu» (Крезу) ЖШС компаниясына немесе «Crezu» (Крезу) ЖШС компаниясымен лицензиялық келісім жасаған олардың құқық иеленушісіне тиесілі. «Crezu» (Крезу) ЖШС компаниясының көрсетілген зияткерлік меншік объектілеріне арналған барлық құқықтары қорғалған.
  • Сіз көшірмені басып шығара аласыз және Сайттың кез келген бетінен (беттерінен) үзіндіні жүктеп, оларды жеке пайдалану үшін сақтап қоя аласыз.
  • Сізге Сайттың кез келген материалдарының қағаз немесе цифрлық көшірмелерін әлдебір ретте өзгертуге рұқсат етілмейді. Сізге әлдебір иллюстрацияларды, фотографияларды, аудио немесе видеоқатарларды немесе кез келген графиканы мәтіннен бөлек пайдалануға рұқсат етілмейді.

Пайдаланушыларды тексеру

Сіз өтінім берген соң, кредиттік ұйым немесе қаржылық қызметтерді жеткізуші кредиттік бюролардың сервистерін пайдалана алады және тиісті шешімдер туралы хабардар ету үшін алаяқтықтың алдын ала алады. Пайдаланушыларды тексеру және көрсетілген сервистердің қосымшаларды пайдалану кезінде алаяқтық жасауға жол бермеуше көмектесетіндіктен, біз сізден өз дербес деректеріңізді осылай пайдалануға келісім беруіңізді өтінеді және сіздің құқықтарыңыздың қорғалуына кепілдік береді. 

Сіз дәлме-дәл және дәйекті ақпарат ұсынуға міндеттісіз. Адастыруға әкелетін ақпарат осы Келісімді қасақана бұзу болып қарастырылады. Бұл сондай-ақ кредиттік ұйымның немесе қаржылық қызметтерді жеткізушінің ережелерді бұзуы болып табылады. Қасақана дәйексіз ақпарат ұсыну қылмыстық іс қозғауға әкелуі мүмкін.

Егер әлдебір үшінші тұлғалар сіздің атыңыздан әрекет етуге уәкілетті болса, осы тұлғалар ұсынатын кез келген ақпарат сіз үшін міндетті заңды күшке ие болады. Егер сіз Сайт арқылы қаржыландыруға немесе кредитке біріккен өтінім бергіңіз келсе, әрбір тарап келесі тараптың келісімімен әрекет ететін клиент ретінде қарастырылатын болады. Егер осындай біріккен өтінімнің тараптарының бірі хат жазуға кіріссе және хат алатын болса, онда бүкіл хат жазысуды екі тарап жүзеге асырып келеді деп болжанады. 

Біз өзіміздің құпиялылық саясатымызға сәйкес тек қана сіз туралы ақпаратты (Сайтқа кіру туралы ақпаратты қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей) өңдейтін боламыз. Сайт пен нысанды пайдалана отырып, сіз сондай-ақ өзіңіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз. Сөйтіп, сіз өзіңіз ұсынған барлық деректер мен ақпарат шындық әрі дәлме-дәл екендігіне кепілдік бересіз.

Өзара әрекеттесу

Біз сіздің өтініміңізге қатысты ескертулерді, ақпаратты және/немесе сіз үшін қызығушылық тудыруы мүмкін қызметтерді ұсыну үшін, сізбен телефон, SMS, пошта, электронды пошта және/немесе автоматты түрде хабарлау арқылы (егер өзгеше көрсетілмеген болса) байланыса аламыз.

Юрисдикция

Сайтты және нысанды басқару Қазақстан Республикасынан жүргізіледі. Осы Келісім, сондай-ақ осы Келісімнен және онымен байланысты келіп шығатын кез келген шарттан тыс міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі. Сайтты пайдалана отырып, Сіз жергілікті соттардың ерекше эрисдикциясын бағынуға сөзсіз келісім бересіз. 

Сіздің дербес деректеріңізді жою 

Егер сіз «ұмыту» туралы өз құқығыңызды мәлімдегіңіз келсе және өз дербес деректеріңізді жоюды немесе өшіруді сұратқыңыз келсе, https://unsub.crezu.net/gdpr сайтына кіріңіз немесе [email protected] электрондық поштасымен жүгініңіз.

Шағымдар

Біз қанағаттанарлық сапақа қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге ұмтылып келеміз. Алайда егер сіз ресми шағым жасағыңыз келсе, келесі электронды поштаның мекенжайына хат жазыңыз: [email protected].

Сонымен реті рет 2019 жыл 1 қараша жаңарылды.