Crezu cервисінің құпиялылық саясаты

Біздің компания

Осы Crezu.kz сервисі Қазақстан Республикасында тіркелген «Crezu» (Крезу) ЖШС компаниясына тиесілі (бизнес сәйкестендіру номерлерінің ұлттық тізіліміндегі тіркеу номері: БСН 191140013143, 13.11.2019 ж.), заңды мекенжайы: Қазақстан, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Мақатаев көшесі, 127Б, индекс 050000.

Біз Crezu сервисінде сіздің құпиялылығыңыз қаншалықты маңызды екендігін білеміз. Сіздің ақпаратыңыздың құпиялылғын сақтау мақсатында, біз сізден алынған кез келген дербес деректердің «Дербес деректер туралы» Қазақстан Республикасының 21.05.2013 жылғы №94-V Заңына сәйкес өңделуі мен қолдау көрсетілетінін қамтамасыз ету үшін шаралар қолдандық. Осы өтінімде біз және Crezu сервисі сіз туралы, біздің клиентіміз туралы сақтай алатын ақпарат түрін толық сипаттап өтеміз. Құжат сонымен қатар өзіміз иемдене алатын кез келген ақпаратты қалай алатынымыз, өңдейтініміз және қорғайтындығымыз туралы толық ақпараттан құралатын болады. 

Осы құпиялылық саясаты тек қана бізге және біздің жинауымызға және алуымызға болатын барлық дербес деректерге қолданылады. Біз осы құпиялылық саясатының мазмұнына мерзім сайын өзгерістер енгізу құқығын өзімізге қалдырамыз. Егер біз осыны жасайтын болсақ, біз Сайтта қайта қаралған саясатты жариялаймыз. 

Неліктен біз сізбен хабарламасыз

Біз өз әріптестерімізбен, кредиттік ұйымдармен және қаржылық қызметтерді жеткізушілермен қатар, кредит алу үшін берілген өтінімнің барысы туралы сізге тұрақты хабар беріп отырамыз. Егер сіз айқын түрде басқа нәрсені көрсетпейтін болсаңыз, біз сізбен телефон, SMS, пошта, электронды пошта және/немесе автоматты хабарлау арқылы байланыса аламыз.

Сіздің дербес деректеріңізді жинауға арналған заңды негіз

Біз әрқашан сіздің дербес деректеріңізді заңды негізде пайдаланатын боламыз. Біз сіздің дербес деректеріңізді өңдеу үшін түрлі заңды негіздерге сүйенетін боламыз.

Келісім:

Сіз Crezu.kz сервисінде кредит алуға өтінім берген соң, сіз кредит алуға арналған сіздің онлайн-өтініміңіз бойынша «Crezu» (Крезу) ЖШС-мен және біздің әріптестерімізбен, кредиттік ұйымдармен және қаржылық қызметтерді жеткізушілермен хабарласуға өз келісіміңізді бересіз. Біз осы негізде сіздің дербес деректеріңізді өңдейміз. 

Егер сіз маркетингілік мақсатта өз дербес деректеріңізді өңдеуге өз келісіміңізді қайтарып алғыңыз келсе, сіз мұны кез келген уақытта жасай аласыз. Ол үшін біз немесе бізбен байланысты кез келген үшінші тарап жолдайтын кез келген маркетингілік SMS-те немесе электронды поштаның хабарламасында «Жазылуды болдырмау» батырмасын бассаңыз болғаны. Сіз сонымен қатар [email protected] мекенжайына біздің деректерді қорғау қызметкерімізге электронды хат жолдау арқылы өз келісіміңізді қайтарып ала аласыз. Сіздің өз дербес деректеріңізді өңдеуге берген алдыңғы келісіміңізді қайтарып алу сіздің өз келісіміңізді қайтарып алғанға дейінгі өңдеудің заңдылығына әсер етпейді.

Келісімшарт:

Сіз кредиттік өтінім арқылы өзіңіздің дерес деректеріңізді ұсынған кезіңізде, біз сізге кредиттік ұсыныстар беру бойынша өз міндеттемемізді орындау үшін, сіздің дербес деректеріңізді өңдейміз. «Crezu» (Крезу) ЖШС және біздің әріптестеріміз, кредиттік ұйымдар және қаржылық қызметтерді жеткізушілер сіздің кредиттік өтініміңіз туралы ақпарат бойынша сізбен хабарласады. 

Заңды қызығушылық:

Біз сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге заңды қызығушылық танытамыз, мұның өзі сіздің кредитке берген өтініміңізді біздің әріптестерімізбен, кредиттік ұйымдармен және қаржылық қызметті жеткізушілермен бөлісуден және өзіңіз өтінім берген кредиттік ұсынысты алудан көрінеді. 

Біз сізбен қалай хабарласамыз

Егер клиент басқа тәсілді көрсетпеген болса, біз ақпарат, кредиттік-ескертулер және қауымдастырылған компаниялардың ескерулерін ұсыну үшін, клиентпен телефон, SMS және / немесе электронды пошта арқылы хабарласамыз. Бізге үшінші тұлғалар сонымен қатар біздің қызметтерімізге қызығушылық танытқан сәйкестендірілген әлеуетті клиенттерге өнім ұсынуымызға мүмкіндік беретін дербес деректерді немесе басқа ақпаратты ұсына алады. Дәлдікті қамтамасыз ету үшін, біз өзіміздің үшінші тұлғалардан алған кез келген ақпаратты / дербес деректерді тексеріп көреміз. Біз сондай-ақ оқтын-оқтын сіздің ақпаратыңызды тексеруге тырысып көреміз.

Push-ескертулер

Сіздің келісіміңіз болған жағдайда, біз сіздің мобильді құрылғыңызға немесе веб-браузерге рush-ескертулер жолдай аламыз. Осы рush-ескертулер біздің немесе үшінші тұлғалардың маркетингілік хабарламаларынан құралуы мүмкін. Сіз өз браузаріңіздің немесе мобильді құрылғыңыздың хабарламалар баптауларынан кез келген уақытта рush-ескертулердің баптауын өзгерте аласыз.

Дербес деректерді жаңарту

Сіз бізде сақталатын кез келген жеке ақпараттың / дербес деректердің дұрыс әрі өзекті болуына жауап бересіз. Егер сізге өзіңіз ұсынған ақпаратты жаңарту немесе түзету қажет болса, мүмкіндігінше бізбен тезірек хабарласыңыз.

Сіздің дербес деректеріңізді жинау

  1. Сіз өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта Crezu.kz сервисіне еркін кіре аласыз және қарай аласыз. Сіз әлдебір жеке ақпартты / дербес деректерді ұсынуға міндетті емессіз. (Өтінеміз, қосымша ақпарат алу үшін, біздің Cookies саясатымызбен танысып шығыңыз). 
  2. Сізге кредиттік ұсыныс жасау үшін, біз, әдетте, сізден келесі ақпаратты жинаймыз:
  • Аты
  • Мекенжайы
  • Резиденттік мәртебесі
  • Туылған күні
  • Электронды поштаның мекенжайы
  • Телефон нөмірі
  • Табысы 
  • Банк шотының реквизиттері
  • IP-мекенжайы
  • Сайттағы әрекеті; деректер Сайттың қай бөлімдері өте жиі және сирек пайдаланылатындығы туралы Crezu сайтын ақпараттандыру үшін пайдаланылатын болады. (Қосымша ақпарат алу үшін, өтінеміз, біздің Cookies саясатымызбен танысып шығыңыз.)

Егер сіз біздің қызметтеріміз туралы сұрақ қоятын болсаңыз немесе [email protected] мекенжайына электронды хат жолдамақ болсаңыз, біз сонымен қатар сіздің сұрағыңызға жақсылап жауап беру үшін, жоғарыда аталған сіздің дербес деректеріңіздің кейбірін жинай аламыз.

Біз қандай ақпарат жинаймыз

Сіз кредитке өтінім берген кезіңізде, біз кредиттік ұсыныс алу үшін сіздің дербес деректеріңізді жинаймыз. Сізге қызмет көрсететіндіктен, біз сіздің біздің Сайтымызды қалай пайдалатындығыңыз туралы ақпаратты сақтай аламыз. Біз қаралған беттер, біздің Сайтымызға бағыттаған сайттар, бізге ұсынған дербес деректеріңізге енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты, сіз сұратқан кредиттер және сіздің өтінімдеріңіздің мазмұны туралы мәліметтерді, сондай-ақ банк шоты деректерін немесе жұмыс беруші туралы мәліметтерді қоса алғанда, сіздің қаржылық ақпаратыңызды сақтай аламыз.

Біз сізге ыңғайлы кредиттік ұыныстарды ұсыну үшін, сіздің дербес деректеріңізді жинауға тиіспіз. Сіз кредитке ұсыныс жасағанда, сіз біздің өз дербес деректеріңізді өңдеуге, сондай-ақ кредиттік ұйымдар және қаржылық қызметтерді жеткізушілер сияқты үшінші тұлғалардың осы ақпаратты өңдеуіне өзіңіздің айқын келісіміңізді бересіз. 

Біз сіздің бізге ұсынған ақпаратыңызды сақтауды жүзеге асырамыз. Біз Сайттағы нысанды алдын ала толтыру үшін, сол арқылы болашақта сіздің Сайтты пайдалануыңызды оңайлату үшін осы ақпаратты пайдалана аламыз.

Біз сіздің дербес деректеріңізді заңда рұқсат етілген уақыттан ұзақ сақтамаймыз. Адалдық үшін біз сіздің дербес деректеріңізді мерзім сайын тексеріп отыратын боламыз. 

Деректердің қауіпсіздігі

Сіздің дербес деректеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету біз үшін ерекше зор маңызға ие. Интернетте деректердің берілуі мүлдем қауіпсіз болуы мүмкін еместігіне орай, біз сіздің бізге берген ақпаратыңызды қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Алайда, біз болашақта сіздің бізге ұсынған кез келген ақпаратыңыздың қорғалуына кепілдік бере алмаймыз және кепілдік бермейміз. Сіз мұны өзіңіз қорқынышыңыз бен тәуекеліңізге орай жасайсыз. Сайтты пайдалана отырып, сіз Интернет желісінде дербес деректер ұсынудың ажыралмас және сөзсіз тәуекелдерін өзіңізге қабылдайсыз. Сіз қауіпсіздіктің кез келген бұзылу жағдайлары үшін бізге жауапкершілік артпаумен келісесіз.

Сіздің дербес деректеріңізді пайдалану

Біз келесі мақсатта сіздің дербес деректеріңізді пайдалана аламыз:

  1. Сайтқа сіздің қолжетімдігіңізді қамтамасыз ету және біздің қызметтерімізді пайдалану мүмкіндігін алу үшін; 
  2. Сізге көрсетілетін қызметтердің параметрлерін жақсарту мен баптау үшін; 
  3. Нарықты зерттеу үшін;
  4.  Сізбен хабарласу үшін, оның ішінде келесі жағдайларда (барлығында немесе олардың ішіндегі кейбір жағдайларда):
  1. Біздің пікірімізше, сізді қызықтыруы мүмкін қосымша қызметтер мен өнімдер турады сізге ақпарат жөнелту. Осы ақпарат жаңа өнімдерді, балама қаржылық шешімдерді, ақпараттық бюллетеньдерді іске қосу және маркетингілік зерттеулерге қатысуға тиісті болуы мүмкін;
  2. Сізге кредиттік ұсыныстар жолдау. Біз сондай-ақ сіз ұсынатын ақпаратты өз әріптестеріміздің (кредиттік ұйымдар мен қаржылық қызметтерді жеткізушілер) сізге жеке ұсыныс жасай алуы үшін өз әріптестерімізге бере аламыз. Бұл жағдайда аталған әріптестер сізге қатысты кредитке қабілеттілігіңізге тексеру жүргізуге құқылы; 
  3. Сізге электронды поштамен сіздің өтініміңіздің растамасын жөнелту. Сіз кредит алуға өтінім берген кезде, біз автоматты түрде сіздің назарыңызға жеткізу үшін электронды поштамен немесе SMS арқылы сізден өтінім алынғаны туралы растама жөнелтеміз;
  4. Сіз бен үшінші тарап арасындағы өтінімді өңдеу үшін;
  5. Сатуды қадағалау үшін. Бұл сіздің деректеріңізді сіз сатып алған өнімге қатысты өнім жеткізушіге тапсырудан құралуы мүмкін;
  6. Біздің деректерімізді басқа дереккөздерден алынған деректермен салыстыру үшін. Біз сіз туралы сақтаған бүкіл ақпарат қарама-қайшы келмейтіндігіне, дәл әрі жақсы құрылымданғанына кепілдікті қамтамасыз ету үшін, сіздің ақпаратыңызды тексере аламыз, талдай аламыз және үшінші тарап жинаған деректермен салыстыра аламыз; 
  7. Өтінімді толтырған барлық клиенттер үшін жүргізілетін клиенттермен кері байланысты жүзеге асыру үшін; 
  8. Сіздің дербес деректеріңізді үшінші тұлғаларға маркетингілік мақсатта тапсыру үшін;

Өзіңіздің көрсетілетін қызметтер туралы хабардар екеніңізге көз жеткізіңіз: 

Сайтты пайдалана отырып, сіз бізге және (сіздің келісіміңізбен) біз сенім білдірген үшінші тұлғаларға сізді қызықтыруы мүмкін қызметтер, өнімдер және басқа жарнамалық акциялар бойынша сізбен электронды пошта, SMS, телефон, пошта арқылы немесе басқа электронды құралдарды пайдалану арқылы сізбен хабарласуға рұқсат берілуімен келісесіз.

Сіздің бізге өз дербес деректеріңізді – ақпаратты ұсынатын кез келген уақытта, қажет болған жағдайда, біз сіздің келісіміңізді сұрататын боламыз және/немесе сзідің бізге маркетингілік мақсатта немесе басқа мақсатта өз ақпаратыңызбен алмасуға келіспейтініңізді бізге хабарлауыңызға мүмкіндік береміз. Егер өзгеше көрсетпесеңіз, сіз осындай пайдалануға келісім бересіз.

Сіздің дербес деректеріңізді тапсыру

Кредит алуға арналған өтінішті толтырып, оны берген соң, сіз осы арқылы келесі тұлғаларға өзіңіздің жеке ақпаратыңызды ашуға келісім бересіз;

  1. Crezu.kz және «Crezu» (Крезу) ЖШС: (i) сізді қызықтыруы мүмкін қызметер мен өнімдер туралы ақпаратты сізге жолдауды қоса алғанда, сізбен байланысу үшін; (ii) нысанды толтыруды жеделдету үшін, баптау үшін, Сайттың пайдаланушылық сипаттамасын жақсарту үшін; немесе (iii) оның құпиялылық саясатына сәйкес.
  2. көрсетілгендей, кредиттік ұйымдар мен қаржылық қызметтерді жеткізушілерге. Олар өздерінің жеке құпиялылық саясатындағы сіздің деректеріңізді қалай өңдейтіндігі туралы толық ақпаратты қараңыз.

Егер бұған құпиялылық және дербес деректерді қорғау туралы заңмен рұқсат етілген болса, біз сіздің есептік жазбаңызға кіруге және/немесе сіз туралы ақпаратты ашуға (ІР-мекенжай сияқты электронды сәйкестендіргіштерді қоса алғанда) мәжбүр боламыз:

  1. егер бұған заңмен рұқсат етілсе және талап етілсе;
  2. соттың немесе кез келген басқа уәкілетті реттеуші, үкіметтік немесе құқық қорғау органының сұратуымен;
  3. сот талқылауымен немесе алда болатын сотталқылауымен байланысты қажет болған жағдайда; және/немесе
  4. біздің бизнесіміздің бүкіл немесе бір бөлігін сату немесе әлеуетті сату кезінде.

Сіздің дербес деректеріңізді үшінші тұлғаларға тапсыру

Кейбір қаржылық қызметті жеткізушілер біздің Сайтта сіз тап болған жағдайды бағалау үшін (өз өтінішіңізде көрсетілген үшінші тұлғалар туралы ақпаратты қоса алғанда) және сізге ұсыныс беруден бұрын сіз ұсынатын кез келген ақпаратты тексеру үшін, сіздің жеке ақпаратыңызды пайдалана алады. Кейбір қаржылық қызметті жеткізушілер алаяқтықтың алдын алу бойынша мамандандырылған ұйымдарда және кредиттік тарих бюроларында тексеру жүргізе алады. Сөйтіп, олар сіздің дербес деректеріңізді, сондай-ақ еркін қолжетімділікте тұрған ақпаратты тексере алады. Кейбір қаржылық қызметті жеткізушілер кредит сомасын анықтау үшін, қолданыстағы қаржы өнімдері туралы деректер, шот туралы ақпарат немесе алдыңғы транзакциялардан алынған ақпарат сияқты өз қарамағында тұрған сіздің жеке деректеріңізді тексере алады. Егер қаржылық қызметті жеткізушілер көрсетілген әрекеттерді іске асыратын болса, онда сіздің кредиттік есебіңізге осы әрекеттер туралы ақпарат қосылатын болады. Кейбір қаржылық қызметті жеткізушілер сіздің біліміңіз туралы ақпарат алу үшін сіздің білім деңгейіңізге қатысты дереккөздерді тексере алады.

Бұл қаржылық қызметтерді жеткізушілерге кредит алу барысында сіз ұсынатын кез келген ақпаратты тексеруге мүмкіндік береді. Бұл сонымен қатар кредит беру саласында алаяқтықты анықтауға көмектеседі. Сондай-ақ осы бір егжей-тегжей тексерулер басқа жерлерде кредиттік ұсыныстар алу кезінде де ортақ болып келеді. 

Егер сіз кредит алуға шешім қабылдасаңыз, сіздің бізге ұсынған деректеріңіз қаржылық қызметтерді сырттай жеткізушіге ұсынған ақпаратқа қосымша болады, қаржылық қызметті жеткізуші оны өзінің құпиялылық саясатына сәйкес сақтап қояды. Біз кредитті рәсімдеуден бұрын қаржылық қызметтерді жеткізушінің құпиялылық саясатымен танысып шығуды табанды түрде ұсынамыз. Біз қаржылық қызметтерді жеткізушінің сіздің дербес деректеріңізді қалай пайдаланатындығына жауап бермейміз. 

Сіздің дербес деректеріңізді сақтау

Сіздің бізге өз дербес беректеріңізді қандай мақсатта ұсынғаныңызға қарай, оларды сақтау мерзімі өзгеріп отырады:

  • Егер сіз маркетингілік коммуникациялардан бас тартқыңыз келсе, біз сіздің қалауыңызды естеп сақтап қалу үшін сіздің ақпаратыңызды сақтап қоямыз. 
  • Сіздің біздің Сайтта кредите беретін өтініміңізге қатысты кез келген ақпарат кемінде 6 жыл бойы сақталатын болады (біздің қатынастарымыз тоқтаған сәттен бастап). Біз болашақта әлеуетті шағымдарды қарауға ықпал ету үшін осы кезең ішінде ақпаратты сақтап қоямыз. 

Байланыстардан бас тарту

Сіз қалаған кезіңізде Crezu-мен болашақ байланыстардан бас тарта аласыз. Біздің барлық маркетингілік хабарламаларымыз жазылудан бас тарту сілтемесінен құралады. Өтінеміз, сіздің сұранысыңызды 48 сағат ішінде өңдеуге мүмкіндік беріңіз.

Сіздің дербес деректеріңізді жою

Егер сіз «ұмыту» туралы өз құқығыңызды мәлімдегіңіз келсе және өз дербес деректеріңізді жоюды немесе өшіруді сұратқыңыз келсе, https://unsub.crezu.net/gdpr сайтына кіріңіз немесе [email protected] электрондық поштасымен жүгініңіз.

Шағымдар

Біз әрқашан қанағаттанарлық дәрежеде қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге ұмтылып келеміз. Алайда, егер сіз ресми шағым жасағыңыз келсе, өтінеміз, [email protected] мекенжайына хат жазыңыз.

Сонымен реті рет 2019 жыл 1 қараша жаңарылды.

Crezu – «Crezu» (Крезу) ЖШС компаниясының сауда белгісі (бизнес сәйкестендіру номерлерінің ұлттық тізіліміндегі тіркеу номері: БСН 191140013143, заңды мекенжайы: Қазақстан, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Мақатаев көшесі, 127Б, индекс 050000). Қарызды өтеудің минималды мерзімі – 3 ай, ең көбі – 12 ай. Жылдық ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемесі (APR) 36% құрайды. Пайыздық мөлшерлемелер несие берушілерге байланыстыз өзгеріп отырады, ұсынылған пайыздық мөлшерлеме сіздің жағдайыңызға және несие тарихыңызға байланысты болады. Бұл сайт қаржылық мекеме, банк немесе несие беруші емес. Crezu қызметі несие алғысы келетін клиент пен лицензияланған қаржы институты арасында делдал ретінде әрекет етіп, клиенттерге арналған несиелерді таңдайды. Қызмет несиелік келісімдер үшін жауап бермейді. Бұл сайт қызмет көрсету үшін ақы алмайды және кез-келген несие берушінің әрекеттері, әрекетсіздігі немесе пайыздық мөлшерлемелері үшін жауап бермейді. Сізден Crezu қызметтерін пайдалану, осы сайтта ұсынылған несие берушілермен байланыс жасау немесе несие алу талап етілмейді.

© 2024 Crezu